Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан жеріндегі Б.з.д. VIII – V ғғ. мерзімделетін элитарлы сақ қорғандары зерттеуге мол материал ұсынады. Зерттеуге жоспарланған қорымдар екі әртүрлі Алтай және Сарыарқа табиғи-климаттық зоналарының түйіскен жерінде орналасқан.

Бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстанның қазіргі әкімшілік территориясына қарасты өлкелердің үлкен зерттеулерінің дені Алтай, Тарбағатай өлкелерінде және Ертіс маңы ескерткіштеріне жасалды. Шығыс Қазақстан жері үлкен әкімшілік аймақ саналғанымен оның өзіндік географиялық ерекшеліктерге ие сан түрлі ландшафта қалыптасқан аймақ. Ол мәселен Ертіс өзенінінің Алтай беті мен Тарбағатай беті немесе Тарбағатай тауының оңтүстігі Жетісу жерінің географиялық климатына жақын болып келеді. Ал біздің зерттеулерімізге арқау болғалы отырған Қырықоба ескерткіштері Шығыс Қазақстанның оңтүстік батыс шеткері аймағы, яғни солтүстік Балқаш, Саяқпен және қазақтың ұсақ шоқылығының басы Шыңғыстаудың оңтүстік сырты өзіндік климаттық ерекшелікке ие аймақ.

Олай деуге негіз болатын Шыңғыстау жотасы Алтай, Тарбағатай тау жүйесінен бөлек өзіндік сипатқа ие өлке. Себебі Шыңғыстау өлкесі ықылым замандардан бері көшпенді мал шаруашылығына қолайлы, қысы қар жатпайтын мал жайылыммен шығатын қолайлылығымен бірге, жазы қоңыр салқын болып келеді. Бұл нағыз көшпенді мал шаруашылығына негізделген көне сақ қоғамы үшін қолайлы өлке болғаны анық. Оңтүстігінен Балқаштан 300 шақырым, батысынан Қарқаралыдан 300 шақырым, солтүстігінен 200 шақырым Ертістен жұтаған мал Шыңғыстауды паналап тоқтайтыны да осының дәлелі.

Халық даналығында «Шыңғыстың құты да жел, жұты да жел» деген тәмсіл бар, бұл да тегін айтылмаса керек.

Кез келген қоғамда өз тіршілігіне қолайлы өнімді еңбек пен аз қимылды қажет еткен. Сол себепті Шыңғыстау жотасы да жылқы шаруашылығына негізделген сақ қоғамының элитарлы тобы мекендеген қасиетті мекен. Оған дәлел осы Шыңғыстау өлкесіндегі біздің барлау жұмыстарымыз нәтижесінде табылған Қырықүңгір, Доғалаң, Қаспаққатын, Әлпейіз, Ожардың қарасуы, Ұзынбұлақ, Арқат, Бесқорым, Қырықоба сияқты сақ дәуірінің элитарлы обалары.

Жұмыс барысының иллюстрациялары

Институт туралы

Қазақстан республикасының мәдениет және
спорт Министрлігінің Қазақ мәдени ғылыми зерттеу институты

ЖШС «Қазақ мәдени - ғылыми зерттеу институты» - Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеу жобалық ұйымы Қазақстан Республикасының мәдени кеңістігінің барлық деңгейіндегі жүйелік анализ жасап, мемлекеттік мәдени - саясатын құрастыру, мәдени- ақпарат облысында мемлекеттің ғылыми әдістемелік қызметін қамтамасыз ету , Қазақстанның тарихи және мәдени мұратының кешенді зерттеу және сақтау

Қазақ мәдени- ғылыми зерттеу институтының миссиясына мәдени - ғылыми зерттеу саласында кешенді әрі терең анализ жасау, Қазақстан Республикасының мәдени саясатының концепциясын жүзеге асыру, мәдени тарихи мұрағаттардың зерттеліп сақталуы және жаһандық мәдени кеңісітікте интеграциялануы мен қатар нәтижелі халықаралық ынтымақтастықты байланыстарды орнату болып табылады.

Ресми сайт: www.cultural.kz

Ұйым туралы

Умиткалиев Улан Умиткалиевич

Жоба басшысы

Умиткалиев Улжан Умиткалиевич - тарих ғылымының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің археология және этнология кафедрасының меңгерушісі , доцент.

Жобаға қатысушылар: Г.Т. Каженова, Г.К. Кожахметова, Н.Е. Сайлаубай, К.А. Искаков, М.У. Ногаева, А.Д. Жуандыкова, Ж.К. Айтенов